Абай облысыДенсаулықТОП

Абай облысы бойынша қызылша және көкжөтелмен ауырғандар саны тұрақты

Өңірде «А» гепатитімен сырқаттанғандар қатары жыл басынан бері біршама ұлғайған.Тек, қызылша және көкжөтелге шалдыққандар саны тұрақты. Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялары қызметінде « ҚР ДСМ СЭБ Комитеті Абай облысының СЭБ Департаменті Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ басшысы Шыңғыс Уалқанұлы баяндады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Семей қаласының аумағында “А” вирустық гепатитімен сырқаттанушылық бойынша осы жылдың 1 тоқсанында қорытындысы бойынша 28 жағдай тіркелді, соның ішіндегі 11 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында болып отыр. Жедел вирусты гепатит А жағдайлары негізінен мектеп оқушылары мен студенттер арасында өсуі байқалады ,- деді басқарма басшысы.

Вирусты гепатит А аурушандығы 2023 жылмен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 жағдайға өскен. Аурушандық барлық жастарда тіркелген, оның ішінде 15-19 жас 39,2%. Әлеуметтік-кәсіби топ бойынша талдау кезінде 46,4% мектеп оқушылары, 7,1% ЖОО студенттері, 21,4% колледж оқушылары.

Сондай-ақ мамандап «А» гепатиті вирусын жұқтыру негізінен адамның нәжісімен, ластанған тағамдарды немесе суды тұтыну арқылы таралатынын еске салды. А гепатитіне бейімділік әмбебап, оны кез-келген жастағы адам жұқтыруы мүмкін.

  • Инфекцияны болдырмау үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды жуу, тек, тазалық мақсатына арналған жерлерде шомылу, өзендерден, бұлақтар мен субұрқақтардан су ішпеу, үйде қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішуге тырысу қажет. Сонымен қатар, оны қолданар алдында ыдыс – аяқты мұқият жуу керек, – деп атап өтті «ҚР ДСМ СЭБ Комитеті Абай облысының СЭБ Департаменті Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы” РММ эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Динара Тлекина.

Қызылша ауруының таралу деңгейі бірқалыпты. 2024 жылдың 1 тоқсанында қызылшаның 253 жағдайы тіркелген. 113 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. 2023 жылдың 6 қарашасынан бастап облыста қызылшаға қарсы қосымша жаппай екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Семейде 18 116 бала егілген.

  • Қызылша-бұл өте жұқпалы ауру. Оны вакцинацияланбаған және науқаспен ұзақ уақыт байланыста болған адамдар жұқтыруы мүмкін. Аурудың негізгі белгілері ЖРВИ-ге ұқсас және 2-3 күнге дейін, кейде 5-6 күнге дейін созылады. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және қолжетімді әдісі – вакцинация, – деп қорытындылады Динара Тлекина.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 тоқсанында облыста көкжөтел ауруының 5 жағдайы болған. Көкжөтелге шалдыққан науқастардың барлығы 2 жасқа дейінгі балалар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button