
1 маусымда Орталық саябақ ашылды. Алайда, жасыл аймақты қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Саябақтың кіре беріс қақпасының жанында топырақ үйілген және жүк автокөлігі тұрақталған.
Кейбір аумақтарында қызыл жолақ тартылған, бірақ балалардың барлық ойын аймақтары ашық. Балалар өте көп, бірақта өте абай болу қажет. Тротуармен жүріп ашық жатқан сымдарға немесе шығып тұрған тротуар тастарына шалынуға болады. Алаңдарда шашылған құм, ал гүлзарларға гүл отырғызып үлгермеген.
Естеріңізге саламыз, бұған дейін қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов 1 маусымда саябақты ішінара ашуға тапсырма берген.
Semey News