Абай облысыТОП
Жезкентте 250-ге жуық адам «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Акцияға Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев, депутаттар, кент тұрғындары, мектеп мұғалімдері, оқушылар, әкім аппаратының, «Орел» ӨК, мәдениет үйінің, «Трансэкосервис» ЖШС ұжымдары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сондай-ақ, Переменов және Новодворов ауылдық округтерінің еріктілері атсалысты.
Акция аясында мектеп-лицей тротуарының бойына 100-ге жуық жас көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, Абай даңғылы мен Даңқ аллеясында ағаштар мен шарбақтарды ақтау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, 15 тонна қоқыс шығарылды.
Semeynews.kz