2024 жылғы 24 және 25 сәуірде Семей қаласында терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың әртүрлі сценарийлеріне жедел ден қою мәселелері пысықталатын болады. Осы мақсатта белгілі бір шектеу шаралары, оның ішінде автокөлік қозғалысы бойынша шаралар қарастырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы