Абай облысыТОП

Курчатовта Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері сенбілік өткізді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Мемлекет басшысының қоршаған ортаны тазарту және жақсарту жөніндегі бастамасын қолдай отырып, Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сенбілікті өткізу жөніндегі бастама тікелей Ұлттық ядролық орталық қызметкерлерінен келді. Іс-шараға 500-ден астам қызметкер қатысты.

Нәтижесінде құрылыс қоқыстары шығарылып, бетон қоршаулар мен жолдардың бір бөлігі қалпына келтірілді. Құрғақ ағаштар кесіліп, аумақ тұрмыстық қоқыстардан тазартылды.

Орталықтан 1450 тонна қоқыс жиналып, шығардылды. 25 бірлік ауыр техника, оның ішінде: тиегіштер, крандар, жүк машиналары және т. б. жұмылдырылды.

Айта кету керек, бұл бір реттік іс-шара емес. Ұлттық ядролық орталық әрдайым қала өміріне, аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатысады. Жұмыс әрі қарай да жалғасын таппақ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button