Абай облысыҚоғамТОП

Семейде «Мәдени мұралар-халық қазынасы» республикалық форумы өтті

19 сәуірде Семей қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын іске асыру аясында «Даналық» қоғамдық қорымен Әлихан Бөкейхан Университеті бірлесіп ұйымдастырған «Мәдени мұралар-халық қазынасы» Республикалық форумы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Еріктілер ұйымдарына жүйелі қолдау көрсетіп, оларға арнайы гранттар бөлу жұмысын жалғастыру қажет. Атқарылған игілікті істер бір жылмен ғана шектеліп қалмауға тиіс. Жақсы іс әрдайым жалғасын табуы керек. Осы орайда, еріктілікті дамытудың жол картасын әзірлеу маңызды. Сондай-ақ, еріктілерді даярлауға арналған бағдарлама қажет. Еріктілер қызметін ұйымдастырудың басты талаптары мен ұстанымдарын айқындап алған жөн» үндеуін ілгерілету мақсатында, «Даналық» Қоғамдық қоры ақпараттық-танымдық, қоғамдық және ғылыми бағыттарда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырады.

Форумға республикамыздың барлық өңірлеріндегі тарихи-өлкетану мұражайларының басшылары, әр өңірдегі мәдени ескерткіштерге қарасты бейінді ұйымдармен мәдени ескерткіштерге жауапты мекемелердің басшылары шақырылды. Жалпы 14 өңірден мұражай қызметкерлері келіп, қалған өңірлер онлайн форматта қосылды.

Форумның мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштер мен мемориалды кешендердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру мәселелерін пысықтау, тарихи мұраларды жастар арасында насихаттау, ескерткіштерді сақтау жұмыстарына ерікті жастарды тарту, азаматтық қоғам өкілдерімен сұхбат алаңын құру.

Республикалық форум жұмысында мына мәселелер талқыланды:

  • Мәдени ескерткіштердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру мәселелері;
  • Мәдениет ескерткіштерін қорғау және танымалдандыру жұмыстарына волонтерлерді тарту бойынша талқылау жүргізу;
  • Мәдени ескерткіштер қарасты мекемелермен, бейінді ұйымдармен және басқа да стэйкхолдерлермен меморандум жасасу.

Форумның пленарлық мәжілісіне қатысқан спикерлер жоба аясында жүзеге асырылатын деректі фильмдер кешені мен энциклопедия шығару, ескерткіштерге QR-код орнату, 3D форматта көрмелері бар бірегей электронды портал әзірлеу шараларларының маңыздылығын атап өтті. Мұражайларды цифрализациялау мақсатында алдағы уақытта тарихи деректерге негізделген мұраларды сақтау және халық арасында кеңінен насихаттауға ат салысатындықтарын жеткізді.

Форумның екінші күні қатысушыларды өңіріміздің мәдени ескерткіштерімен таныстыру мақсатында киелі Абай жеріне, руханият әлеміне сапармен жалғасты.

Асыл мұрамызды ардақтап, оны насихаттау, келешек ұрпаққа дәріптеу қазіргі буын мен аға буынның үлесі арқылы жүзеге аспақ. Ескеркіштерімізді аялап, ұрпағымызға аманаттау міндеті тұрғанын ұмытпайық!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button