ҚоғамСемейТОП

Семейде кәсіпкерлік нысандар өз аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде

Қазіргі таңда Семей қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында көктемгі экологиялық екіайлық жүргізілуде. Оған барлық қала тұрғындарымен қатар кәсіпкерлік нысандыры да белсенді қатысуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласында 3500-ден астам кәсіпкерлік нысандар бар, биыл 30-ға жуық нысанның қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өз аумақтарына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Семей қаласының әкімдігі барлық кәсіпкерлерге өз аумақтарында сенбілік өткізулерін және көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Біз тұрғындардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаладағы тазалық пен санитарлық тәртіпті қалпына келтіру және сақтау бойынша барлық бастамаларын қолдаймыз. Қаланы жүйелі түрде тазалау, қатаң бақылау – бір реттік шара емес, ол күнделікті тынымсыз еңбек. Бұл – туған қаламыздың игілігі үшін бар күш-жігерін аямайтын жандардың ортақ қолдауы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button