Бобровка және Мұрат саяжайлары тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін инженерлік желілерді салу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін мердігерлер Бобровка саяжайында электр бағаналарын орнату жұмыстарын басталды. Ал Мұрат саяжайында электр бағаналарын орнату жұмыстары 10 күннен соң басталады. Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша электр желілерін салу үшін “АБСК Констракшн” ЖШС-мен шарт жасалды.
Инженерлік желілердің орнату жұмыстарына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қадағалады. Қала басшысының айтуынша, биыл Мұрат және Бобровка саяжайларында инженерлік желілерден бөлек трансформаторлық қосалқы станциялар орнатылатын болады. Жыл соңына дейін Мұрат және Бобровка саяжайын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету көзделген.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Бобровка кентінде Центральная көшесін асфальттау жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Өз кезегінде саяжай тұрғындары қаншама жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселенің оң шешімін тапқанына облыс және қала басшылығына өз алғыстарын білдірді.
Semeynews.kz