Абай облысыТОП
Абай облысының оқушылары 150-ге жуық ағаш отырғызды
Абай облысының оқушылары республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
11 сынып оқушылары қоршаған ортаны аялау мақсатында ағаш отырғызып, өз үлестерін қосты.
Шараға 1000-ға жуық мектеп бітіруші түлектер, мұғалімдер, студенттер мен ата-аналар да қатысты. Акция аясында 150-ге жуық көшет отырғызылды.
Облыс көлемінде білім беру ұйымдарының оқушылары көшеттер отырғызып, гүлдер екті.
Акция оқушыларға экологиялық мәдениетті, табиғатқа ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды үйретеді.
Semeynews.kz