ЖКХСемейТОП

1 шілдеден бастап Семейде су бағасы қымбаттайды

Тарифтің өсуі кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Semey News.

«Семей Водоканал» МКК Семей қаласының тұрғындарына 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейінгі кезеңде сумен жабдықтау және су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге төмендегі тарифтердің қолданылатынын хабарлайды (ҚҚС-сыз).

Сумен жабдықтау қызметіне:

Тұтынушылар атауы Өлшем бірлігі 1 жыл 2 жыл 3 жыл 4 жыл 5 жыл
Орташа тариф тенге/м3 77,47 86,66 96,80 105,33 112,08
I-топ тұтынушылары (тұрғындар) тенге/м3 48,65 50,60 52,62 54,73 56,37
II-топ тұтынушылары (жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу қызметтерін көрсететін кәсіпорындар) тенге/м3 45,53 50,94 56,90 61,91 65,88
III-топ тұтынушылары (бюджеттік ұйымдар) тенге/м3 368,12 443,33 527,19 594,47 647,91
IV-топ тұтынушылары (тұтынушылардың 1, 2 және 3 тобына жатпайтын өзге тұтынушылар) тенге/м3 148,96 166,65 186,14 202,54 215,52

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №81-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Су бұру қызметіне:

Тұтынушылар атауы Өлшем бірлігі 1 жыл 2 жыл 3 жыл 4 жыл 5 жыл
Орташа тариф тенге/м3 62,90 71,56 75,80 76,48 77,74
I-топ тұтынушылары (тұрғындар) тенге/м3 41,94 43,62 45,36 47,18 48,59
II-топ тұтынушылары (жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу қызметтерін көрсететін кәсіпорындар) тенге/м3 45,89 52,21 55,30 55,80 56,71
III-топ тұтынушылары (бюджеттік ұйымдар) тенге/м3 118,91 142,98 163,71 168,90 166,91
IV-топ тұтынушылары IV-топ тұтынушылары (тұтынушылардың 1, 2 және 3 тобына жатпайтын өзге тұтынушылар) тенге/м3 90,48 102,93 109,03 110,02 111,82

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2021 жылғы 26 мамырдағы №82-НҚ бұйрығымен бекітілген.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button