Абай облысыТОП

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында көгалдандыру бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жолы ағаш егу «Алаш арыстары – М.Әуезов» үй – мұражайының ауласында жүзеге асырылды. Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, шырша көшеттері отырғызылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шаһарда экологиялық екі айлық әлі де жалғасуда. Санитарлық тазалау мен қоқыс жинау үшін 20 тиегіш және 65 қоқыс тасымалдаушы арнайы техника жұмылдырылды. Семейдегі саябақтар мен аллеялары, ескерткіштер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері тазаланып, 80 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Бородулиха ауданында 15 саябақ пен скверлер ретке келтірілді. Іс-шараға 1360-тан астам адам, 37 ұйым қатысты. 20 техника жұмылдырылды.

Курчатов қаласында акцияға 2000-нан астам адам қатысты. Қала аумағынан 30 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button