ҚазақстанПрезидентТОП

Қырғыз Президентінің Астанаға сапары аясында тарихи келісімге қол қойылады – Тоқаев

Қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр. Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Ең алдымен, шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға ресми сапармен келгеніңіз үшін Садыр Нургожоевичке шынайы алғысымды айтамын. Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Қырғызстан — біз үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және рухани құндылықтарға негізделген. Осындай бастауы бар қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатыр», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

жапаров
Фото: Ақорда

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы екі ел одақтастық байланысты нығайтуды қолға алғанын атап өтті.

«Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан үлкен үмітпен қарап отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғарғы мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз», — деді Қазақстан Президенті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button