
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» республикалық экологиялық акциясы Семей қаласында жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Атап айтқанда Семей қаласындағы барлық жанар-жағармай құю станциясының қызметкерлері өз обьектілерінің аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, экологиялық тазалық науқаны Семей қаласында екі ай көлемінде жүргізілетіндігін хабарлаймыз. Барлық қала тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Semeynews.kz