Абай облысында «Уылдырық» жедел профилакиикалық іс-шарасы өткізіледі
2024 жылы 16 сәуір мен 31 мамыр аралығында балық уылдырық шашу кезеңінде балық шаруашылығы саласындағы браконьерліктің жолын кесу жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету мақсатында облыс аумағында балық және балық өнімдерін заңсыз өндіруді, ұрлауды, әкетуді, тасымалдауды, сатып алуды немесе өткізуді анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Уылдырық» жедел профилакиикалық іс-шарасы өткізіледі.
Уылдырық шашу, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын көбейту кезеңінде балық аулауға тыйым салынады.
Табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады.
Абай облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басқармасы балық ресурстарын өндіру нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те көзделгенін хабарлайды.
Semeynews.kz