Абай облысыТОП

Абай облысында су құбыры желілерін салу бойынша 33 жоба жүзеге асырылуда

Аппараттың кеңейтілген кеңесінде сөз алған облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Жандос Қайырханов биылғы жылдың қорытындысы бойынша 25 жобаны іске қосу жоспарланғанын, оның 16 – сы ауылдық елді мекендерге, 7-Семей қаласындағы кенттер мен көшелерге арналғанын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл жобалар шамамен 26 мың адамды сумен қамтамасыз етіп, облыстағы орталықтандырылған сумен жабдықтау үлесін 97,1% – ға дейін көтереді.

Айта кету керек, Семей қаласында сумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 91,5% құрайды. Семей қаласын сумен толық қамтуға қол жеткізу үшін тағы 7 жобаны әзірлеуді аяқтау қажет.

2024-2025 жылдары сумен қамту желілерін салудың 21 жобасы іске асырылатын болады. Оның ішінде 2024 жылы басталған 8 жоба 2025 жылы аяқталады (ол 4754 адамды қамтитын ауылдық елді мекендерге арналған жоба).

Сондай-ақ 13 жаңа жоба іске асырылатын болады (оның ішінде 10 920 тұрғын үшін Семей қаласында 8 және 1658 адамды қамтитын ауылдық елді мекендер үшін 5). Бұл жобалардың жалпы іске асырылуы 17 мыңнан астам адамды сумен қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде Абай облысындағы орталықтандырылған сумен қамту үлесін 100% – ға жеткізеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button