Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Жарма ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына қарасты Үшбиік ауылында болды. Ауылға арнайы атбасын бұрған әкім тасқын салдарынан үйлеріне су кірген тұрғындармен жүздесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауылдықтар көтерген мәселелерді тыңдап, ауылдың бүгінгі жағдайын соның ішінде су кірген үйлердің бірін өз көзімен көрді.

Қазір су тасқыны бойынша аудандағы жағдай тұрақты. Су кірген үйлердің тұрғындарына барлық қажетті көмек көрсетілді.

Сапар барысында аудандық маңызы бар «Шар-Көшек» автомобиль жолы да назардан тыс қалмады. Әкім орынбасары Димитрий Гариков пен аудан әкімі Жарқынбек Байсабыровқа жолдарды қалпына келтіру жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button