Бүгін біз Дүниежүзілік Гемофилиямен күрес күнін атап өтеміз, бұл гемофилия және басқа да тұқым қуалайтын қан бұзылыстары туралы хабардарлықты арттыруға арналған күн.
Гемофилия – сирек кездесетін тұқым қуалайтын ауру, ол қанның қалыпты ұюына жол бермейді. Гемофилиямен ауыратын адамдар тіпті жеңіл жарақаттардан немесе ішкі жарақаттардан жиі және ауыр қан кетулерді сезінуі мүмкін.
Аталған ауруға шалдыққанда қазақстандықтар ТМККК шеңберінде алатын арнайы препараттарды өмір бойы қолдану қажет.
Semeynews.kz