Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында «Киелі мекен» акциясы жалғасуда

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тарихи – мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған «Киелі мекен» апталығына орай, мәдениет мекемелері ұжымдары қала және аудан әкімдігімен бекітілген тарихи-мәдени ескерткіштерді тазалау және аумағына абаттандыру жүргізуде.

Семей қаласы бойынша:
1) Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш;
2) Әлихан Бокейхан ескерткіші;
3) 1919 жылғы Азаматтық соғысқа қатысушылар мемориалы;
4) Шәкәрім Құдайбердіұлы ескерткіші;
5) «Жеңіс» мемориалы сияқты монументалды ескерткіштерді тазалау жұмыстарын жүргізді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады.

Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінінің құрметіне салынған 18 саябақ, 4 ескерткіш және 48 демалыс саябағы тазартылды. Бұл жұмысқа барлығы 3 000 тұрғын, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Абай ауданының Қарауыл ауылында да жаппай сенбілік өтті. Оған 300-ден астам мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. 6 техника жұмылдырылдырылған сенбілікте 30 тонна қоқыс жиналып, 19 саябақ пен ескерткіштер тазартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button