Абай облысыҚұрылысСемейТОП
Семейдегі жаңа көпірдің құрылысы 2025 жылға дейін аяқталмақ
Абай облысында салынып жатқан жаңа көпірдің қазіргі уақытта металл конструкцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер құрылысты 2025 жылға дейін толық аяқтауға міндетті. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» басшысы Асылбек Нұғманов мердігер компанияда көпір құрылысына қажеттінің бәрі бар екендігін атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
- Келісім – шарттық міндеттеме бойынша мердігер құрылысты 2025 жылға дейін аяқтауға міндетті. Қазіргі уақытта тірек бөліктерінің құрылысы жүргізіліп, сол жағалауда көпірді орнату жұмыстары басталды. Керекті жабдықтардың қымбаттау қаупін болдырмау үшін өткен жылы көпір материалдарына толық төлем жасалды. Көктемгі су тасқынына байланысты түзетулер енгізіліп, тірек бөлшектерін орнату уақытша тоқтатылды», – деді Асылбек Нұғманов.
Аспалы көпір күрделі жөндеуді қажет етеді. Ондағы жұмыс ауқымы өте кең. Жөндеу процессі жол бетін ауыстырумен ғана шектелмейді.
- Биыл жол бөлігінде жөндеу жұмыстарын қолға аламыз. Ал, құрылымдардың өзін жөндеу келесі жылға қалдырылады. Бүгінде жобалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жол жиегін, көпірге бағытталған жолдар мен өткелге апаратын жолдардың бір бөлігін қайта жаңғырту жобасын енгізуді де жоспарлап отырмыз», – деп қорытындылады басқарма басшысы.
Semeynews.kz