Абай облысыТОП

Аягөз ауданында ғашықтар ескерткішінің аумағы ретке келтірілді

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық екіайлық науқаны аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Киелі мекен» апталығы барысында тазалық жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Киелі мекен» апталығы ұлттық әдебиетіміздің баға жетпес жауһарына айналған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» шығармасында жырланған екі ғашықтың атақты ескерткішін тазалаудан басталды.

Экология мен қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған іс-шараға Аягөз ауданынан 100-ге жуық жас қатысып, іргелес аумақты қалыпқа келтіруге үлес қосты.

«Аягөз жастары бастамаға ұйымдасқан түрде қатысып жатыр. Аудан тұрғындары туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарайды. Біздің ортақ міндетіміз – туған қаламызға қамқорлық жасап, оны бағалау және қорғау», -дейді студент Н. Әміров.

Акциядан кейін тарихи-мәдени ескерткіштің аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button