Абай облысыТОП
Абай облысының аудандарында экологиялық акция өтіп жатыр
Экологиялық іс-шара апта сайын өткізілуде. Акцияға тұрғындар, қоғам белсенділері мен ұйымдар, кәсіпорындар қатысуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай ауданындағы акцияға 740 адам қатысты. 16 бірлік техника жұмылдырылып, 932 тұрғын үй ауласы мен 54 оқу орындарының аумағы тазартылды. Нәтижесінде 1 400 текше метр қоқыс шығарылды.
Ақсуат ауданы бойынша 600 адам белсенділік танытты. Жалпы ауданы 120 500 шаршы метр аумақ қоқыстан тазартылды. Тазалауға 17 бірлік техника тартылып, 86 тонна қатты қалдықтар шығарылды.
Ал Курчатов қаласында қалалық субұрқақ, Тәуелсіздік көшесі 37 мекенжайындағы «Құрылысшылар» аллеясының аула аумағы тазартылды. 650-ден астам адам қатысқан акцияда 39 тонна қоқыс шығарылды.
Semeynews.kz