Семей қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде Бейбітшілік аралында тұғырдан ҚР Тұңғыш Президентінің Семей сынақ полигонын жабу туралы жарлығының көшірмесі бар тақтайша құлаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
“Ескерткіштің құлағаны туралы хабарлама алғаннан кейін қаланың коммуналдық қызметтері оны қалпына келтіруге және оның салдарын жоюға бағытталды. Семей қаласының әкімдігі реставрация аяқталғаннан кейін Президенттің Семей сынақ полигонын жабу туралы жарлығының көшірмесі тұғырға бастапқы түрінде қайта орнатылатынын хабарлайды”, — делінген хабарламада.
Semeynews.kz