Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған әдеби кеш өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Сезімнің шыңы махаббат күні жыл сайын бұл мереке 15 сәуір күні аталып өтеді. Бұл күннің біздің Қазақстанға қалай келгені жайлы ақпарат айтылып тарихқа оралды. Кешке №22 ЖОББ мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары «Жұлдызды ұлы есімдер» атты әдеби кеш өткізді. М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенттері махаббат жайлы әндерін шырқады. А.Құнанбаев, А.С.Пушкин, У.Шекспир шығармаларындағы махаббат жыры көпшілікке паш етілді. Сол шығармадағы кейіпкерлерге еніп оқушылар бар эмоция мен ойнағанда сол замандағы нағыз кіршіксіз махабат әлеміне енгендей әсер алды.
- Мөлдір махаббатың иелері «Қозы Көрпеш Баян сұлу» кесенесі Қазақстанның киелі жерлері тізіміне еніп, қазіргі таңдада нағыз махаббаттың символы болып қалды. Біздің кешіміз махаббат сезіміне толы болды және өте әсерлі болды, – деп атап өтті Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музей маманы Сана Сәрсембекова.
Semeynews.kz