
Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.

Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.



Semeynews.kz