
Өткен жұма күні қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Семей филиалының бастығы А.Шаукежанов бірлесіп, қаланы пойыз жолдарымен аралаған болатын.
Сәйкесінше сол күні қала әкімі «Жансая» базарының маңындағы темір жол жиегін қоқыстан түпкілікті тазартуды қатаң тапсырған болатын.
Бүгін қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шағын және орта бизнес субьектілері базар маңындағы аумақты тазартып, темір жол жиегіне санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, екіайлық санитарлық акция аясында темір жол жиектерінде сенбілік үнемі өткізіліп тұратын болады. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер де жол жиектерін қоқыстардан тазартады.
Semeynews.kz