Бесқарағай ауданында 300 орындық мектеп салынуда

Бесқарағай ауданына жасаған жұмыс сапарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев 300 орындық мектеп құрылысының жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстары «Жайлы мектеп» жобасының аясында іске асуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі таңда құрылыстың іргетасын монтаждау жұмыстарымен қатар ғимараттың 1-ші қабатының қабырғасы қалануда.Құрылыс алаңында 42 жұмысшы, жауапты мамандар мен 2 ИТЖ жұмыс жасауда. Сондай-ақ 5 арнайы техника жұмылдырылған.
Мектеп сапалы білім беру үшін барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтылатын болады. Соның ішінде заманауи оқу кабинеттері, спорт және акт залы бар.
Бұдан әрі аймақ басшысы Қарабас ауылында болып, су тасқынына қарсы атқарылып жатқан шаруалармен танысты. Тиісті бөлім басшыларына жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Абай облысында 2025 жылға дейін 5700 балаға арналған 11 мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар, 6 шағын жинақты мектеп пен 6 мектепке қосалқы ғимарат салынады.
Semeynews.kz