Абай облысыТОП

Абай облысының тұрғындары экологиялық акцияға белсенді қатысуда

Абай облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, халық арасында табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту.

Семейде «Құстарға ұя сыйла» акциясы өтті. Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Құс ұяларын жасаудан шеберлік сабағы өтіп, құстарға арналған 80-ге жуық ұя дайындалды.

Үржар ауданында 17 көше тазаланып, 15 тонна қатты қалдықтар шығарылып, 30 000 шаршы метр аумақ тазартылды. Санитарлық-гигиеналық жұмыстарға 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Көкпекті ауданында сенбілік нәтижесінде 5 200-ге жуық адам, 38 техника атсалысып, 42 тонна қоқыс төгілді.

Бородулиха ауданында сенбілікке 360 адам қатысты. 12 бірлік арнайы техника тартылып, үйлерге іргелес 10-нан астам аумақ жиналды. Нәтижесінде 25 000 тонна қоқыс шығарылды.

Бесқарағай ауданында 230-дан астам көшені абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Акция аясында 8 мың көшет отырғызылады. Сондай-ақ 5 мыңнан астам түрлі гүл егу көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button