Семей
Семей қаласында 2024 жылғы 15 сәуірден бастап жылу маусымы аяқталады
«Теплокоммунэнерго» МКК жылу тұтынушыларға «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 33-бабының 2-тармағына, Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/17-VIII шешімімен бекітілген Абай облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу Ережелеріне сәйкес, сыртқы ауаның орташа тәуліктік жайлы температурасының қалыптасуына байланысты, сондай-ақ Семей қаласы бойынша жылу қуатын ұтымды пайдалану мақсатында 2024 жылдың 15 сәуірінен бастап жылу маусымының аяқталатынын хабарлайды.
Semeynews.kz