ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 18 мамырында Жарма ауданы ПБ кезекші бөліміне Үржар ауылының 27 жастағы тұрғынының алаяқтық іс-әрекеттері фактісі бойынша ақпарат келіп түсті. Ол ағымдағы жылдың 8 мамырында Үржар ауылында 26 жастағы жергілікті тұрғынның деректерін біліп, 80 000 теңге сомасына онлайн шағын несие ресімдеген.
Қазіргі уақытта күдікті ер адам өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News