СемейТОП

Ертіс деңгейі көтерілді

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов су көтерілу қауіпі бар аудандарды аралады. Атап айтқанда қала әкімі Бейбітшілік аралына, Бейбітшілік аралындағы биологиялық орталыққа және Шығыс кентіне барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Соңғы тәулікте Ертіс өзенінің көтерілуі байқалады, өзеннің деңгейі 362 см құрайды, ал шекті деңгейі 450 см. Осыған байланысты әкімдік қызметкерлері мен ТЖБ мамандары өзен деңгейіне күн сайын мониторинг жүргізуде. Қауіпті учаскелерде қала әкімінің тапсырмасымен кезекшіліктер ұйымдастырылды.

Аралау жұмыстары барысында қала басшысы қажет болған жағдайда барлық қажетті техникаларды жұмылдыруды тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button