ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі темір жол жиектерін қроқыстан тазартуды тапсырды

Семей қаласының тұрғындары белгіленбеген жерге қоқыс төгуді тоқтатар емес, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгу мәселесі тыйылмай тұр.

2023 жылы қала басшысы Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен темір жол жиегі қоқыстардан айтарлықтай тазаланған болатын. Алайда бір жылдың ішінде тазаланған аумақ қайтадан ластанған. Бүгін Нұрбол Нұрсағатов қалаға кіреберіс жолдарды пойызбен аралап, темір жол жиегіндегі қоқыстарды тазалауды тапсырды.

Көшпелі кеңеске “ҚТЖ” ҰҚ” АҚ Семей филиалының бастығы А. Шаукежанов және қала әкімдігінің бөлім басшылары қатысты.

  • Темір жол жиектерінде шашылып жатқан қоқыстар өте көп. Бұдан қаламызға келетін қонақтар кері әсер алулары мүмкін. Сондықтан, қалаға кіреберіс темір жол жиектері мен тас жолдардың маңындағы барлық қоқыстарды жинауымыз қажет. Әсіресе осы екіайлық аясында Пристань, Жаңа Семей, Треугольник аймағы, құрылыс объектілері мен базар маңын санитарлық тазалықты назарға алуымыз керек, – деді қала әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Семейде әкімдіктің бастамасымен көктем және күз маусымдарында экологиялық екіайлық өткізілді. Санитарлық тазарту кезінде қаланың шетінде 283 рұқсат етілмеген полигондар жойылды.

Құрметті семейліктер, коммуналдық қызметтің еңбегіне құрметпен қарауды және біздің ортақ үйіміз болып табылатын қала аумағын ластамауды сұраймыз. Есіңізде болсын, дұрыс емес жерлерде қоқысты шығарудың барлық фактілері анықталып, заң аясында бұзушыларға қатысты шаралар қабылдануда. Тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ полигонына мына мекенжай бойынша шығаруға болады: Знаменский тас жолы (9 км).

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button