ШҚОҚоғамТОП

ШҚО-да 7 мың басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы ашылады

Шығыс Қазақстан облысында 92 малды бордақылау алаңдары жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылы тағыда 7 мың басқа арналған 3 алаң ашу жоспарлануда. «Шығыс ақпарат» ақпараттық орталығында өткен пресс-конференция барысында ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Владимир Гайламазян толық мәлімет берді, деп хабарлайды Semey News.

Владимир Гайламазянның айтуынша, жыл басынан бастап тірі салмақтағы еттің барлық түрлері 65 мың тоннаны құрады, сүт өнімі 234 мың тонна, жұмыртқа – 40 млн. дана.  Сонымен қатар биылғы жылы 219 мың ірі қара малды асыл тұқымдастыруға қатыстыру жоспарлануда.

Фото: ақпараттық орталық

Аймақта сүт өндірісі де белсенді дамуда. Бүгінгі таңда облыста 67 сүт фермасы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 1350 басқа арналған 3 сүт фермасының құрылысы және 680 бастық 2 ферманы қайта құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, 63 сүт қабылдау пункті ашылып жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы тағы бес пункті ашу жоспарлануда.

Қорытындылай келе, жыл басынан бастап сәуір айына дейінгі жағдай бойынша тұрғындардан 7,2 мың тонна немесе жоспардың 100% сүт сатып алынды, сүт фермаларымен 29,5 мың тонна немесе жоспардың 97 % көлемінде сүт өндірілді.

 

Semey News

Осы айдарда

Back to top button