Абай облысы

Бесқарағай ауданында «Бесқарағай колледжі» КММ облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып гүлдер мен көкөністердің көшеттері отырғызылған жылыжай ашылды

Республика көлемінде бастау алған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Бесқарағай ауданында «Бесқарағай колледжі» КММ облыс көлемінде алғашқылардың бірі болып гүлдер мен көкөністердің көшеттері отырғызылған жылыжай ашылды.

Ашылу салтанатына Абай облысы білім беру басқарманың орынбасары Айжан Абзал Құрманова облыс бойынша кәсіптік білім беру колледждарының директорлары қонақ ретінде шақырылды.

Салтанатты ашылуда аудан әкімі Талғат Мұратов сөз сөйлеп, жылыжайдың аудан үшін алар орнын белгілеп, бүгінгі күні колледж ұжымының қоғамдық өмірге белсене араласатынын атап өтті. Сондай-ақ, аудан басшысы бұл игі бастама аясында жылыжайда колледж студеттері көкөніс өсірудің жай-жапсарын зерттеп, сапалы табиғи өніммен қамтуды, көгалдандыру арқылы ауылдың экологиялық ахуалын жақсартуға үлес қосу бағытында қолға алынған ісі екенін айтып өтті.

Ашылу салтанатында ауданды абаттандыру мақсатында жылыжайдан 4000 – ға тарта гүл көшеттеріне алғашқы тапсырыс берілді.

Бесқарағай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button