Абай облысыТОП
Үржар ауданындағы балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына қосымша ғимарат салынады
Үржар ауданындағы «Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ екі қабатты қосымша ғимараттың құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асып жатқан жұмыстардың мердігері – «ГрадСтройСервис» ЖШС.
Қазіргі таңда нысанның 1 қабатының сыртқы қабырғасы мен ішкі аралық қабырғалары қаланып бітті. Дәл осындай жұмыстар екінші қабатта жүргізілуде.
Құрылыс басында 8 құрылысшы, 6 бетон құюшы, 2 жүргізуші және учаске бастығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылыстың жобаға сәйкес және қауіпсіздік ережелеріне сай орындалуын қадағалайтын инженерлер бар.
Айта кетейік, құрылыстың әрбір кезеңі белгіленген мерзім мен сапалы жүзеге асырылады.
Semeynews.kz