Семей
Семейде «Таза Қазақстан»акциясы аясында санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде
Коммуналдық қызметтер жолдарды, тротуарларды, көпір қоршауларын, қоқыс жәшіктерін шаңнан тазарту, ашық аумақтарды санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Санитарлық тазалау жұмыстары қаланың барлық аудандарында, орталық көшелерінде, тұрғын үй алаптарында жүзеге асуда. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда жоғарыда аталған жұмыстар күшейтіліп, тәулік бойы бақылауда.
Сондай-ақ, Семейде жол жабынын ағымдағы жөндеу орташа жөндеу, аула аумақтарыедағы жолдарды асфальттау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биыл 40 көшені асфальттау жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда асфальт төсеу жұмыстары қаланың сол жағалауындағы бірнеше көшеде басталды.