ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов су тасқынынан кейінгі елдің жағдайын білу мақсатымен Ақсуат ауданына келді
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Заитов, «Amanat» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімов су тасқынынан кейінгі елдің жағдайын білу мақсатымен Ақсуат ауданына келді.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы, аудан әкімінің орынбасары А.Аққазин, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Оразғалиев, «Amanat» партиясы Ақсуат аудандық филиалының төрағасы Е.Құттыбаев, облыстық мәслихат депутаты Қ.Қасенов Мәжіліс депутатын қарғын су шайған учаскелерге бірге бастап барып, қазіргі ахуалдан хабардар етті.
Аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы облыстық маңызы бар «Сәтбаев-Ақсуат» жолының қарғын су шайып, кейіннен бүлінген жерлердің қалпына келтірілген жағдайын, «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Кіндікті» бағытындағы автожол бойында тасқын салдарынан бүлінген Боғас өзеніндегі көпірді көрсетіп, қалпына келтіру бойынша атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.
Мәжіліс депутаты Боғас өзені деңгейінің қатты тасып көтерілуінен Ақсуаттан Кіндікті ауылына апаратын көпірді су шайып кетіп, аудан орталығымен уақытша жол қатынасы үзілгендігіне, алайда, жергілікті атқарушы биліктің жағдайды жедел ретке келтіру жұмыстарын кезек күттірместен қолға алып, бүгінде «Зайсан-Құрылыс» компаниясы уақытша өткел салуды бастап кеткендігіне, төтенше жағдайға байланысты құрылған аудандық жедел штабтың алгоритмі бойынша барлық жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, төтенше жағдай қызметі, ауыл азаматтары, еріктілер бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде ауылдардағы тұрғын үйлер, қора-жайлар, дүние-мүлік, төрт түлік малға залал келтірілмей дін аман қалғандығына көз жеткізді.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Р. Заитов мемлекет қарғын судың салдарын жоюға барлық күш-жігерін салып жатқандығын атап өтті.