Абай облысыҚоғамМерекеТОП

Абай облысының әкімі өңір тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңір тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті жерлестер!

Баршанызды күллі мұсылман баласы асыға күткен Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жүрекке мейірім ұялайтын Ораза айт мерекесінде баршаңызға амандық пен береке тілеймін.

Ата дінімізде ұлық мерекелердің қатарынан саналатын Рамазан айы барша мұсылман қауымды жақсылыққа, төзімділікке, сабырлыққа шақырады. Осы арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге үндейді. Бұл айда халқымыз жақсылық жасап жарысып, бір-біріне тек ізгі ниеттерін білдірген.

Қасиетті Ораза айтымен барлықтарыңызды құттықтай отырып, елімізге амандық, әр отбасыға тек жақсылық тілеймін! Еңбектеріңіз табысты, өмірлеріңіз қызық пен қуанышқа толы болсын!

Ораза айт құтты болсын!

Нұрлан Ұранхаев,
Абай облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button