Абай облысыТОП

Семей орманында өскін қазу жұмыстары басталды

«Семей орманы» резерватының тұқымбақтарында өсірілген екі жылдық қарағай өскіндерін қазып алу жұмыстары басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл өскін қазуды алғашқы болып қолға алған Семей филиалының Пригород орманшылығы. Олар 0,6 га орман тұқымбағынан 391,9 мың дана екі жылдық қарағай өскінін алуды жоспарлап отыр.

Қазу жұмыстары көшет тамырының ұзындығына қарай механикаландырылған қазу әдісімен жүзеге асырылуда.

Дайындалған көшеттер отырғызу орнына технологиялық нормаларды сақтай отырып тасымалданады және олар еккенге дейін арнайы қазылған шұңқырларға орналастырылмақ.

Мұнда көшеттер қармен бүркеліп, үсті шөппен жабылады. Мұндай далалық «тоңазытқыштарда» вегетациялық процесс тоқтатылады әрі тамыр жүйесі кеуіп кетпейді.

Филиалдардағы өскін қазу жұмыстары сол ауданның табиғат жағдайына байланысты әрқалай басталмақ. Көшет отырғызу және қазу бір айдан астам уақытқа жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button