
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар – сәуір аралығында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 94 млрд теңгені құрады, немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 113 пайыз. Жыл басынан бастап тамақ өндірісі 62,5 млрд теңгені құрады. Ірі қара мал басының саны 4,2 пайызға, жылқы малы – 8,3 пайызға, шошқа – 8 пайызға өсті, қой-ешкі саны былтырғы жыл деңгейінде.
Облыстағы агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 22,7 млрд теңге субсидия бөлінді, соның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға – 5,6 млрд теңге, мал шаруашылығына – 8,8 млрд теңге, инвестициялық субсидиялар үшін – 5,8 млрд теңге, өңдеу саласындағы өнеркәсіп дамуын қолдауға – 0,5 млрд теңге және басқа бағыттардағы субсидияларға – 1,9 млрд теңге бөлінді.
Semey News