Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында жыл басынан бері 150-ден астам мас жүргізуші анықталды

Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері 150-ден астам мас жүргізуші анықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірлің тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлікті мас күйінде басқарған 153 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 15 жүргізуші мас күйінде жол апатын жасаған.

Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейтін әкімшілік жауаптылыққа тартылады, сондай-ақ 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Көлік құралын басқаруды мас күйіндегі адамға беру үшін де осындай жауапкершілік қарастырылған.

Мас күйінде куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан 8 жыл мерзімге айыруға және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button