Семейде көктемгі экологиялық екі айлық басталды
Абай облысының орталығында көктемгі экологиялық екі айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оған 3 мыңнан астам кәсіпорын, 10 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері мен тұрғындар шықты.
Тазалық акциясы қаланың орталық аумақтарын ғана емес, сонымен қатар шеткері аудандарын да қамтыды. Атап айтқанда, Степной, Шығыс, Жоламан, Суық бастау, Юность, Ұшақтар, Мирный, Дальняя кенттерінен бөлек, «Бейбітшілік» аралында да ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды.
Санитарлық тазалау мен қоқысты жинауды қамтамасыз ету үшін 20 тиегіш пен 65 жүк көлігі сынды арнайы техникалар жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, экологиялық акция мамыр айының соңына дейін жалғасады. Іс-шара аясында жасыл желектерді отырғызу, алаңдар мен скверлерді және өзге де демалыс орындарында санитарлық тәртіп орнату жоспарлануда. Жауапты компаниялар сырлау жұмыстарымен қатар балалардың ойын және қоқыс жәшіктері алаңдарын жөндеуге кіріседі. Рұқсат етілмеген полигондары жойылады.
Semeynews.kz