Абай облысыауылшаруашылығыТОП

Ақсуат ауданында ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылады

Ақсуат ауданында лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникасын алу жұмыстары жүргізілуде. Шаруа қожалықтары трактордың 4 түрлі маркасын сатып алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл үрдісті ауылдық округ әкімдері жалғастырып, жыл соңына дейін лизинг арқылы тағы 20-25 бірлік техника сатып алуды жоспарлап отыр.

Шаруашылық техникасын жаңарту – ауыл шаруашылығын дамыту және саланы неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өнім мен сапаны арттыруға ықпал етеді.

Еске салар болсақ, ауданда 2023 жылы жаңа лизингтік схемалар және өз қаражаты есебінен түрлі маркалы 21 трактор, сондай-ақ 6 бірлік трактор сатып алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button