Абай облысыТОП
Әлеуметтік желілерде жарияланған автомобиль жолының бүлінуі туралы бейненің Абай облысына қатысы жоқ
Видеода Самар ауданында еріген қар суына байланысты автомобиль жолының бүлінуі болғандығы туралы айтылады. Алайда, оқиға орны Абай облысы деп көрсетілген.
Самар ауданы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан және Абай облысына қатысы жоқ.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында облыстық маңызы бар «Көкпекті-Самар-Васильевская өткелі» автожолының 43 шақырымында су өткізу құбырының негізі бүлініп, жолға залалын тигізгенін хабарлаған.
Абай облысы әкімдігі тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады және жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Semeynews.kz