Семейде Ұлттық ұлан сарбаздары алтыншы қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
3 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Семей қаласындағы Дулатов көшесі бойында қоғамдық тәртіпті күзету барысында 5511 әскери бөлімінің патрульдік топ бастығы ефрейтор Маратжан Акрамов тұрғын үйдің 6 қабатының терезесінен секірмек болған әйелді байқап қалады. Жедел ақпаратты әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндай салысымен дереу 6 қабатқа көтерілген тәртіп сақшыларына есікті азаматтық некеде тұрған күйеуі ашады.
Пәтерге кірген бойда ефрейтор Акрамов әйелдің ішімдікке масайғанын бірден аңғарады. Ұландықтар әйелді әңгімеге тартып, ішке қарай түсуге үгіттеп, терезеден түсіріп алады. Кейіннен әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болуына азаматтық некедегі күйеуімен болған жанжал итермелегені анықталды
Semeynews.kz