Абай облысыҚоғамТОП

Семей әскерилері чемпионмен кездесті

Абай гарнизонына қарасты 31767 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаздар «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы», еліміздің аты аңызға айналған балуаны Айбек Нұғымаровпен жүздесті,- деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің берген мәліметінше, белді балуанмен болған кездесуге Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Бөпежанов, Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы подполковник Досжан Мамырбаев және Абай өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының бастығы подполковник Атырау Топишевте қатысты.

54835 әскери бөлімі мен 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жиналған шараның басты мақсаты әскери қызметшілерді спортшының жеткен жетістіктерімен таныстыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Кездесуде қазақ күресінен «Қазақстан барысы» жобасының жеңімпазы, Семей қаласының депутаты Айбек Нұғымаров әскерилерге өзінің өмір жолынан сыр шертіп, спортта қол жеткізген жетістіктері туралы кеңінен баяндады.

Кездесу барысында әскери қызметшілер мен сарбаздар спортшы туралы мәліметтерге қанығып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Осындай кездесулер мерзімін атқарып жүрген жас сарбаздар үшін маңызы зор. Жауынгерлер кездесу кешінен ерекше рухтанып қайтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button