Абай облысыТОП

Абай облысында барлық мектеп ыстық тамақпен қамтамасыз етілген

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүргізілуі туралы сала мамандары баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сонымен қатар Абай облысындағы облыстық барлық 302 білім беру ұйымындағы 100 102 оқушыға қыркүйек айынан бастап ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде әлеуметтік осал топ санатынан шыққан 55 718 оқушы күнделікті бір реттік тегін тамақпен қамтамасыз етілуде.

  • Облыс бойынша 275 мектепте ас блогы, тамақтану залдары бар. Буфет жобасында 8 мектеп жұмыс жасайды.Тек, 24 шағынжинақты мектептерде асхана жоқ. Бұл мәселені шешу мақсатында 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде оқушылардың тамақтануына бейімделген кабинеттер дайындалып, 462 оқушыға кейтеринг арқылы, яғни ыстық тамақты тасымалдау ұйымдастырылуда, – деді Абай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Макия Әмірханова.

Мектеп оқушыларының рационын нормаларға сәйкес келтіру мақсатында 2024 жылы жергілікті бюджеттен тегін тамақтандыруға қосымша қаражат бөлініп, облыс бойынша тегін тамақтандырудың орташа құны 620 теңгеге көтерілген. Оған тамақтану құнына мектептегі бір реттік тамақтандыру мөлшеріне сәйкес өнімдер кіреді.

2023 жылы бөлінген қаражатқа облыстағы 10 мектептің асханасына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы тағы 9 мектептің асханасын жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражат бөлінген.

  • Мектеп асханаларында 434 бейнебақылау камерасы орнатылған. Тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес білім беру органдары мен ұйымдарының интернет – ресурстарында мектепте тамақтандыру туралы ақпаратты тұрақты негізде орналастыру жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша мектептердің қызметі туралы 560 жарияланым орналастырылды, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар, «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» Абай облысындағы барлық мектепке дейінгі ұйым, жалпы орта білім және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде жүзеге асырылып, 12 000-ға жуық педагогтермен жоспарлы түрде 123 түсіндірмелік-әдістемелік семинар өткізілген.

  • «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде облысымыздың 302 мектебінде 8 әлеуметтік жоба қолға алынған және ол жобаларға 45 мыңға жуық білім алушы қамтылды. Білім беру ұйымдарында мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қатысуымен 1765 бірлескен іс-шаралар өткізілді. Жазғы кезең ішінде учаскелік инспекторлармен және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиялардың хатшыларымен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» атты жедел-профилактикалық іс-шаралар мен ақпараттық акциялар өткізу жоспарланған, – деп қорытындылады Абай облысының инновациялық – әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушысы Айнұр Исабаева.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button