СемейТОП

Семей қаласының әкімі Цементішілер кентін аралады

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен қаланы жаяу аралау жұмыстарын жүргізуде. Кеше қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Цемент кентіндегі Строительный, Глинки, Спартак, Галето, Физкультурная және базар маңын аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қаласының әкімдігі 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қалада санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Осыған байланысты, қала басшысы тиісті кәсіпорындарға тазалық акциясы кезінде аумақты түгел тазалауды тапсырды.

«Осы сенбіден бастап әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиіс. Базар маңындағы қоқыстарды базар әкімшілігі дереу тазартуы керек. Бизнес обьектлеріне аумақты ретке келтіру бойынша тиісті хабарлама жолдаңыздар»,- деді қала әкімі Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button