Абай облысыТОП

Абай облысында қарғын су шайған жолдар қайта қалпына келтіріліп жатыр

Өңірде су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Айта кетейік, бүгінде барлық елді мекендерде жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта үш жергілікті жолды қызылсудың шаюы тіркелді: ұзындығы 18 км «Кіндікті – Ақсуат» жолы, Бозай ауылына 3,4 км кіреберіс жол және Тассай ауылына 18 км кіреберіс жол.

Аягөз ауданында тасжолдарды қалпына келтір үшін дайындық жұмыстары басталды. Су деңгейі төмендегеннен кейін уақытша айналма жол ашылады. Көкпекті ауданы Қарағандыкөл ауылы арқылы баламалы бағыт бар, онда еріген қар суын шығаруға арналған жол төсемі уақытша тазартылған. Қалған су бұрылған соң негізгі жол қалпына келтіріледі. Ақсуат ауданының әкімдігі дайындық жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, су тартылғаннан кейін айналма жол арқылы уақытша жол жүру қамтамасыз етіледі.

Бесқарағай ауданы Бозтал ауылында кентішілік және кентаралық жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Жол төсемін нығайтуға бірнеше арнайы техника мен білікті қызметкерлер жұмылдырылды.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар «Ақсуат-Бәкей-Қарасу-Ақжар» автожолында 0-ден 30 км-ге дейінгі учаскеде су өткізу құбырлары ауыстырылды.

Жарма ауданында ЖАО мен коммуналдық қызметтен 11 бірлік техника мен 20 адам жұмылдырылды. Шар -Көшек пен Үшбиік ауылы арасындағы жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Белтерек ауылдық округі арқылы өтетін Алматы-Өскемен теміржол учаскесіндегі жұмыстарды да атап айтқан жөн. Мұнда су тасқынына қарсы бөгеттер арнайы техникамен салынды.

Бородулиха ауданында суды айдау туралы жедел қабылданған шаралардың арқасында су тасқыны салдары болмады. Эра өзенінің жағалауын нығайту және маңызды әлеуметтік нысандар орналасқан орталық көшедегі шұңқырларды жабу жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, жұмыс күші іргетастарды, тіректерді және көпірлердің жол жабындарын қалпына келтіру үшін жұмыстарын бастады. Мамандар жұмыс кезінде барлық техникалық қауіпсіздік талаптарын ескереді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button