ХҚКО-дан құжаттарды тәулік бойы алуға болады
Семей қаласының орталығында 408 квартал, 21 мекенжайында дайын құжаттарды алу үшін тәулік бойы постамат жұмыс істейді. Қала тұрғындары құжаттарды кез-келген ыңғайлы уақытта 24/7 режимінде ала алады.
Ол үшін клиент өтінімді рәсімдеу кезінде дайын құжаттарды постомат арқылы алатынын көрсету қажет. Құжаттың дайын екендігі туралы SMS-хабарлама келгеннен кейін оны постоматтан 3 күн ішінде алу керек. Ол үшін биометриялық сәйкестендіруден өтіп, SMS-тен бес таңбалы кодты енгізу қажет. Содан кейін ұяшық ашылады және құжатты алуға болады.
Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде:
– туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу;
– жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
– білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік;
– тіркеу ісі құжатының көшірмелері;
– техникалық паспорттың телнұсқасы;
– жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасы;
– апостиль қойылған құжаттар.