Абай облысыТОП

2024 жылдың 8 сәуірінен бастап 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінімдер қабылдау басталады

Биыл Абай облысы бойынша 204 грант беру жоспарлануда. Грант алуға өтінімдер екі лек бойына қабылданады. Бірінші лек – 102 адамға 400 АЕК көлемінде грант берілмек, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өтініш жіберу үшін:

• Порталда тіркелу;
• грант алу шарттарына сәйкестікті тексеруден өту;
• бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алу, оны толтыру және Порталға жүктеу;
• өтініш формасын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Грант арқылы қажетті құрал-сайман, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, мал шаруашылығы, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге болады.

Грант алуға өтінімдерді қабылдау Business.enbek.kz сайтында жүреді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button